Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар
Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуде өзара тәжірибе алмасуына және озық тәжірибелерін таратуына ықпал ету, шығармашыл педагогтарды анықтау мақсатында облыстық «Ең үздік әзірленген флипчарт- сабақтар» байқауы өтті.
Байқауға 15 ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша: І - орынды Алакөл ауданы А. Омарханова; ІІ - орынды Текелі қаласы Д. Даренская; Қаратал ауданы А. Жақсылықбаева; Талдықорған қаласы Г.Туганбаева; ІІІ - орынды Еңбекшіқазақ ауданы Ш. Орынбай; Сарқан ауданы Т.Мантековалар иеленді.
Ал, номенация бойынша «Креативті педагог» А. Ратбаева (Іле ауданы), «Ізденімпаз педагог» Ескелді ауданы Ж. Зархомова (Ескелді ауданы) және «Шығармашыл педагог» О. Михайлиналар (Қапшағай қаласы) иеленді.