Облыстық педагогикалық идеялар фестивалі
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №17 орта мектеп базасында облыстық "Педагогикалық идеялар фестивалі" өтті.
18 аудан мен 4 облыстық мекемелерден қатысқан педагогтар қазылар алқасына өздерінің тың педагогикалық идеяларын ұсынып, шығармашылық тұрғыдан жоспарларымен бөлісті.
Фестиваль қорытындысы бойынша:
І орын – Б.Арынов Ю.Гагарин атындағы №2 ДБАГ тарих пәнінің мұғалімі;
ІІ орын – А.Райханова Әл-Фараби атындағы ДБАЛ тарих мұғалімі; Ф.Гусенова Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы ОМ физика пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын – М.Анисимова №20 ДБАЛ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі; С.Кальпебаева Ескелді ауданы Ж.Жақыпбаев атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі; Х.Палтаева Ұйғыр ауданы №1 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі,
Фестивальдің нәтижесінде облыстық әдістемелік кабинеттің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломы, атаулы номинациясы, алғыс хаттарымен марапатталып, тиісті әдістемелік ұсыныстар айтылды.