Үздік педагог – 2017
Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтарға «Үздік педагог» атағын беру үшін жыл сайын Республикалық «Үздік педагог» байқауы өткізіледі.
Аталған байқауға биылғы жылы облысымыздан 4 ұстаз қатысып, «Үздік педагог» атағына ие болды. Олар:
- Кульбаева Гуля Сарсеновна, Іле ауданы №1 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі;
- Рамазан Қайрат Мэлсұлы, Текелі қаласы «№5 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі;
- Майшыков Омирбек Нурсеитович, Қарасай ауданы Қаскелең қаласы, «Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
- Тұрсынбек Серік, Талдықорған агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
«Үздік педагогтар» үстіміздегі жылдың 5 қазанында Астана қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, әрқайсысы 2 269 000 теңге сыйақыға ие болды.