Бағалаудың тиімді әдістері
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Іле ауданында «Бағалаудың тиімді әдістері» тақырыбында аймақтық семинар-тренинг өтті.
Мақсаты - химия, биология пәндері бойынша сабақты жоспарлау, қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру және саралау әдісін жүргізуде мұғалімдерге әдістемелік көмек беру.
Семинар-тренинг барысында жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы негізінде 5, 7 сыныптарда 7 үлгілі сабақтар (Іле ауданынан Тазабекова С. - №40 ОМ, Берденова А. - №39 гимназия; Қапшағай қ., Нурмагамбетова А. - Ы.Алтынсарин ат. №1 ОМ, Нурмаганбетова Б. - Қапшағай қ., №3 ОМ; Балқаш ауданынан Меркибаева Д. - Қарағаш ОМ, Карибекова А. - №1 Бақанас ОМ; Кербұлақ ауданынан Маукенова Г.- Күреңбел қазақ ОМ) көрсетілді.
Аталған шарада «Жаңартылған білім беруді меңгерудегі кедергілер және оны реттеу жолдары» атты дөңгелек үстел жүргізіліп, оған Іле, Кербұлақ, Балқаш ауданы мен Қапшағай қаласының 50 педагогы қатысты.