Ең үздік жыл психологы
Білім беру ұйымдары психологтарының шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелерімен бөлісу, психологиялық-педагогикалық идеялары, жобалары және іс-тәжірибелерімен алмасу мақсатында ағымдағы жылдың 2 қарашасында республикалық «Ең үздік жыл психологы» байқауы өтті.
Аталған байқауға биылғы жылы облысымыздан 5 педагог-психолог қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Олар: І дәрежелі диплом Ойшиева Аля Калкеновна, Балқаш ауданы, Ақдала орта мектебі және Бояулы шағын жинақталған бастауыш мектебінің педагог-психологы;
ІІ дәрежелі диплом Нұрғалиева Талшын Дәулетқызы,Талдықорған қаласы, №18 орта мектеп-лицейінің педагог-психологы;
ІІІ дәрежелі диплом Сандибекова Гульдана Ғалымбекқызы, Талғар қаласы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Гагарин атындағы №8 мектеп-гимназиясының педагог-психологы;
«Үздік эссе» номинациясы Чинибекова Айман Шәрипбайқызы, Ақсу ауданы, І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің педагог-психологы;
«Үздік портфолио» номинациясы Касенова София Маратовна Ескелді ауданы, М. Маметова атындағы орта мектебінің педагог-психологы.