A - Размер шрифта A +

Әдістемелік десант

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен білім сапасын арттыруда оқытудың тиімді жолдарын жетілдіру үшін қазақ тілі, тарих, математика, физика, химия, биология пәндері мұғалімдеріне әдістемелік сүйемелдеу және көмек көрсету мақсатында Ұйғыр ауданында әдістемелік десант өтті.

Шара барысында облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері «Білім сапасын арттырудағы оқытудың тиімді жолдары» атты дискуссиялық  алаңда «Білім беру мазмұнын жаңартуда критериалды бағалауды жүргізудің ерекшеліктері» тақырыптарында шебер-класс өткізді.

Шонжы №5 ОМ мен Сүмбе ОМ базасында өткен әдістемелік десантта Ұйғыр ауданынан 135 педагог қамтылды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші