Білім сапасын арттыруда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдер қолдану арқылы білім сапасын арттыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Кербұлақ ауданы Панфилов атындағы ОМ, Қаспан ОМ, №49 орта мектеп базаларында «Білім сапасын арттыруда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану» атты әдістемелік десант өтті.
Іс-шара барысында облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері практикалық және диалогтық алаңда жұмыстарын жүргізді. Әдістемелік десантқа 104 педагог қатысты.