Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясының IV аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы
Облыстық әдістемелік кабинеті мен Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Жастардың ғылыми ізденістегі зияткерлік мүмкіндіктері» IV аймақтық ғылыми-практикалық кофнеренциясы 2017 жыл 27 қарашада Көксу ауылшаруашылық, 30 қарашада Талғар агробизнес және менеджмент, 4 желтоқсанда Жаркент көпсалалы колледждерінің базаларында өтті.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 329 білім алушылары қатысқан конференция жұмысы 22 бағыт (секция) бойынша жүргізілді.
Аймақтық конференция жұмысының нәтижесінде іріктеу кезеңінен өткен 94 ғылыми-ізденіс жұмыс Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының 2018 жылы наурызда өтетін облыстық кезеңіне жолдама алды.