Педагогикалық оқу
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қаскелең гуманитарлы-техникалық колледж базасында «Заманауи білім беру кеңістігіндегі Р.М. Қоянбаевтың прогрессивті педагогикалық идеялары» тақырыбында облыстық педагогикалық оқу өтті.
Аталған шара 3 секция бойынша жұмыс жүргізді: 1 - секция «Бастауыш білім беруді жаңғырту жағдайында Р.Қоянбаеввтың педагогикалық мұрасы», 2 - секция «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі негізгі мәселелер: теория мен практикалық проблемалары», 3 - секция «ТжКБ оқыту жүйесіндегі оқытушылардың инновациялық кәсіби дамуы».
Педагогикалық оқуда 80 педагог қамтылды. Секция жұмысында балабақша, мектеп, колледжінің 27 оқытушының жұмысы тыңдалды.