Облыстық оқыту семинары
A - Размер шрифта A +

Облыстық оқыту семинары

Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 қаңтарында Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі» атты облыстық оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты: пән мұғалімдеріне жаңартылған бағдарлама аясында жаңа буын оқулықтарындағы сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру және оқушылардың өз беттерімен білім алу дағдыларын, графикалық сауаттылығын дамыту әдістерін меңгерту.

Семинар барысында, география және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., г.ғ.к. Е.Тоқпанов «Жаңа буын оқулықтарындағы сарамандық жұмыстарды орындату жолдары», география және экология кафедрасының аға оқытушысы, ғылым  магистрі А.Исабаев «Деректер базасын құру әдістері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар кафедрасының  қауымдастырылған профессоры м.а. PhD А.Шалтабаев «Screen-Recorder бағдарламасымен вебинар құру» тақырыптарында таныстырылым және практикалық алаң өткізді.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласы, № 21 орта мектебінің  география пәні мұғалімі, білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Жаратылыстану» және «География» пәндері бойынша облыс тренері Ж.Маемерова «Жаңартылған білім беруді енгізудегі кедергілер және оны шешу жолдары» мәселесімен дискуссиялық алаң жұмысын жүргізді.

Аталған шараға облыстағы жалпы білім беру ұйымдарынан 40 педагог қатысты.


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші