Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері
A - Размер шрифта A +

Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларына тарих және математика пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында Ескелді ауданы, Қарабұлақ орта мектебі базасында оқыту семинары өтті.

Аталған шарада Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Г.Баянбаева мен Талдықорған қаласындағы «Білім-Инновация» лицей- интернатының математика пәні мұғалімі А.Турапбеков тәжірибелік алаңын жүргізсе, облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері Ә.Әуезова, С.Идрисова «ҰБТ-ға дайындық жұмысының жүйесі» атты шебер-класс жүргізді.

Семинарға Ескелді ауданының жалпы орта білім беру мекемелерінің тарих және математика пәні бойынша 55 педагог қамтылды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші