Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қапшағай қаласы №3 орта мектеп базасында «Express Publishing» баспасының өкілдерімен "Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер" тақырыбында семинар тренинг өтті.
Семинар 2018-2019 оқу жылы жаңартылған білім бағдарламасы аясында 6-8 сынып оқушыларына арналған Excell оқулығымен танысу, педагог мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Балқаш, Іле, Қарасай, Жамбыл, Талғар, Кербұлақ және Қапшағай қаласының ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен ұйымдастырылды.