Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді әдістері
A - Размер шрифта A +

Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді әдістері

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  «Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында он-лайн режимінде (математика пәні мұғалімдеріне арналған) облыстық семинар өтті.

Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында өткен семинарға жалпы орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері қатысты.

«Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді әдістері» тақырыбында өткен семинарда Т.Бердибаев Іле ауданы, Қ.әзірбаев ат. №15 орта мектебінің математика пәні мұғалімі, «ҰБТ тапсырмаларының  кейбір тәсілдерін жылдам шешу» Н.Дивеева Текелі қаласы, №8 орта  мектебінің математика пәні мұғалімі өз тәжірибелерімен бөлісті. Он-лайн режимінде өткен семинарға 117 мектеп қосылды.

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші