Мектепішілік бақылаудың принциптері негізінде жоспарлау
A - Размер шрифта A +

Мектепішілік бақылаудың принциптері негізінде жоспарлау

Алматы облысы білім басқармасы 2018 жылдың 16 ақпанында «Табысты басшы» жоба аясында  мектепті басқару мен мектепішілік бақылауды жоспарлау және тиімді ұйымдастыру бойынша жаңадан тағайындалған мектеп басшылары мен мектеп директорының резервтеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Мектепішілік бақылау - білім сапасын басқару  құралы» тақырыбында  аймақтық семинар ұйымдастырды.

Семинарда басқарма басшысының орынбасары Майгүл Тлеутайқызы Омарова  семинардың таңғы сессия жұмысын алғы сөзімен ашып, мектеп басшыларына заманауи мектепті басқаруда табысты білімге қол жеткізу үшін мектепішілік бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

«Дана» жекеменшік білім беру мектебінің директоры Рената Төлегенқызы Төлегенова инновациялық басқаруда табысқа жетудің жолдарымен  тәжірибе бөлісті.

Семинардың күндізгі сессиясы тәжірибе бөлісу алаңымен жалғасты.

Облыстық директорлар Кеңесінің мүшесі Қ.Жалайыри атындағы орта    мектеп-гимназиясының директоры Мұрат Баянұлы Тулекенов гимназия әкімшілігімен бірлесе отырып,  білім сапасын арттыруда мектепішілік бақылауды жоспарлау, басқару және оны іске асырудың тиімді жолдарын ұсынды. 

«Табысты басшы» жоба аясында ұйымдастырылған шара жаңадан тағайындалған мектеп басшылары мен мектеп директорының резервтеріне  мектепті басқару мен бақылауда кездесетін кедергілерді шешу жолындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға үлкен ықпалын тигізді. Аталған шараға 100 маман қатысты.

 

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші