Инженер-педагогтардың педагогикалық оқулары
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 23 ақпанында «Білім» гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі - жаңаша білім берудің сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты V облыстық педагогикалық оқулары өтті.
Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқытушыларының шығармашылық шеберлігін арттыру, үздік педагогикалық тәжірибелерді жалпылау және тарату мақсатында өткен педагогикалық оқуларға 150 инженер-педагог қатысты.