ХХVІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
A - Размер шрифта A +

ХХVІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

2018 жылдың 1 наурызында Алматы облыстық білім басқармасы, облыстық әдістемелік кабинеті Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясымен бірлесіп Талдықорған политехникалық колледжінің базасында ХХVІІ облыстық  ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция мақсаты – жастарды ғылыми-зерттеу және шығармашылық  жұмыстарға   ынталандыруды  ұйымдастыру, ғылыми-тәжірибелік жұмыстарда  туындаған  проблемаларды  шешу, оқушылар мен оқытушылардың  мектепаралық  құзыреттілік ортасын құру.

Аталған шара өз жұмысын 29 бағыттағы 14 секцияда  жүргізді.  Конференцияға 278 жас ізденуші қатысты.

Жас ізденушілердің жұмыстарын І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының ғалымдары, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мамандары мен облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері тыңдады.

Жұмыс қорытындысы бойынша үздік жұмыстар Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясы президиумының 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен, белсенді қатысушылары мадақтама және алғыспен марапатталады. 


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші