Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім мазмұнының интеграциясы
A - Размер шрифта A +

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім мазмұнының интеграциясы

Алматы облыстық әдістемелік кабинеті мен «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру» институтымен бірлескен, білімнің жаңа парагдимасы жағдайындағы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім мазмұны интеграциясының сипатын, жаңа қолданбалы аспектілерді талдау, педагогтардың кәсіби-шығармашылық жолындағы жұмыстарын фасилитациялау мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім мазмұнының интеграциясы» тақырыбында облыстық форум өтті.

«Шығармашылық галереяда» педагогтар облыс бойынша сабақтастық аясында атқарылып жатқан іс-тәжірибелерімен бөлісіп постерлар қорғады.

«Пленарлық тыңдалымда» «Өрлеу» БАҰО» АҚ филалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру» институты директоры п.ғ.д., профессор С.Кеңесбаев, п.ғ.д., профессоры, Сауат ашу оқулығының авторы А.Жұмабаева, п.ғ.м., математика оқулығының авторы Ж.Астамбаевалар оқулықтар арасындағы сабақтастықты көрсетті.

Форумға мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін  мектептердің 182 тәрбиеші-педагогтар қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші