Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы облыстық №15 мектеп-интернаты базасында «Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» атты оқыту – семинары өтті.
Жаңартылан бағдарлама аясында пәндік білім сапасын арттыруда әдістемелік сүйемелдеу мақсатында өткен шарада ашық сабақтар мен дөңгелек үстел өткізілді.
Оқыту – семинарына облыстық мектеп-интернат педагогтары қатысты.