Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің әдіснамасы
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдасытруымен Жамбыл ауданы Қарғалы №2 дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған лицейі базасында «Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты педагог-психологтар мұғалімдеріне арналған воркшоп өтті.
Оқу тәрбие үрдісіне психологиялық сүйемелдеудің тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу жайында өзара пікір алмасу. Жеке тұлғаның даму үдерісін жетілдіруге бағытталған үздік әдіс-тәсілдермен бөлісу мақсатымен өткен воркшопта шебер – сынып, «Оқушы қиялын дамытудағы арттерапияның маңызы қандай?» тақырыбында постер-сессия жүргізілді. Аталған шарда 53 педагог қамтылды.