Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдасытруымен Қапшағай қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия базасында «Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты математика, физика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты - оқытудағы білім сапасын арттыру, мектеп бітіруші түлектерді қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдарымен бөлісу, іс-тәжірибе алмасу.
Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Б. Акылаева модератор болды. Семинар барысында ашық сабақтар, шебер сынып алаңы жүргізілді. Аталған шарада 100 педагог қамтылды.