Жаңартылған бағдарлама аясында ұйымдастырылған оқу қызметіндегі инновациялық әдіс-тәсілдер
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы 7–Құрылыс «Айжан» балабақшасы базасында «Жаңартылған бағдарлама аясында ұйымдастырылған оқу қызметіндегі инновациялық әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік күн өтті.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңартылған мазмұны аясында педагогтар тәжірибесіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізуде әдістемелік көмек беру мақсатымен өткен шарада салттар мен фольклор, тәжірибелік алаң жүргізілді.
Әдістемелік күнге Еңбекшіқазақ ауданының 95 МДҰ әдіскерлері мен педагогтары қатысты.