Білім беру ұйымдарының дефектологтары мен логопедтері қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Облысытық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарының дефектологтары мен логопедтері қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты Іле ауданы, №17 орта мектебі базасында аймақтық семинар өтті.
Семинардың мақсаты - орта білім беру ұйымдарының логопед, дефектологтары жүргізетін түзете-дамытушылық жұмыстардың тиімді жолдарымен таныстыру, іс-тәжірибе алмасу.
Семинарда «Педагогикалық шеберлік» алаңы, Шебер-сынып, Кеңес алаңы ұйымдастырылып өткізілді.
Шараға 58 Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Қарасай, Талғар аудандарының орта білім беру ұйымдарының логопед, дефектологтары қатысты.