Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің спецификасы
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қарасай ауданы, Алтын ауыл орта мектебі базасында «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің спецификасы» атты облыстық семинар өтті.
Мақсаты - оқу тәрбие үрдерісіне психологиялық тұрғыда тиімді әдіс-тәсілдерді енгізуде сүйемелдеу, жеке тұлғаның даму үдерісін жетілдіруге бағытталған әдіс-тәсілдермен бөлісу.
Педагог-психологтардың қатысумен өткен семинарда «Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері», «Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыру ерешеліктері» тағы да басқа тақырыптарда шебер-сыныптар және «Оқушы қиялын дамытудағы арттерапияның маңызы қандай?» атты постер- сессия жұмыстары жүргізілді.
Шараға барлығы 95 педагог-психолог қатысты.