ШЖМ - тің үздік мұғалімі
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №17 ОМ базасында «ШЖМ - тің үздік мұғалімі» шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне арналған облыстық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты - ШЖМ педагогтарының өзара тәжірибе алмасуына және озық тәжірибелерін таратуына ықпал ету, шығармашыл педагогтарды анықтау.
Байқау үш турдан тұрды: «Педагогикалық шеберлік шыңы», «Шағын жинақты мектептегі кіріктірілген үздік сабақ», "Идеялар аукционы: оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары".
Қазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды: Бас жүлде - С. Жандильдинова, Ескелді ауданы Жаңалық негізгі ОМ;
І дәрежелі диплом – С.Әнеп, Жамбыл ауданы Айдарлы ОМ;
ІІ дәрежелі диплом – Е.Клеенкина, Талдықорған қаласы №23 ОМ;
ІІ дәрежелі диплом – А.Исабекова, Ақсу ауданы Қарашілік ОМ;
ІІІ дәрежелі диплом – А.Абдельданова, Алакөл ауданы С.Сейфуллин ат.ОМ;
ІІІ дәрежелі диплом – Е.Дандыбаев, Қаратал ауданы Ж.Молдағалиев ат.ОМ; Байқауға қатысқан басқа мұғалімдер «Жаңашыл мұғалім», «Шығармашыл мұғалім», «Ізденімпаз мұғалім» , «Шебер мұғалім» номинациялар және алғыс хаттармен марапатталды.
Облыстық байқауға 16 педагогтар қатысты.