«Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» облыстық үздік сабақтар фестивалі
Білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтарды анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында Талдықорған сервис және технология, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледждерінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары арасында «Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбындағы үздік сабақтар фестивалі облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Фестиваль өз жұмысын жалпы білім беретін, арнайы және өндірістік оқыту бағытында жүргізді. Үздік сабақтар фестиваліне 28 инженер-педагог қатысты.