Тәжірибе тарату семинары
«Үздік педагог - 2017» атағының иегері, Текелі қаласы №5 ОМ АӘД оқытушы-ұйымдастырушы Қ. Рамазанның «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудағы патриотизм» тақырыбында тәжірибесін бөлісу семинары өтті. Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен өткен шарада ашық сабақ, шебер-класс, сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Аталған шараға облыс бойынша АӘД оқытушы-ұйымдастырушы 30 педагогтар қатысты.