A - Размер шрифта A +

Робототехника элективті курсында виртуалды конструкторды қолдану ерекшеліктері

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №21 ОМ базасында облыстық білім беру мекемелері, жалпы білім беру ұйымдарының робототехника элективті курсын жүргізетін пән мұғалімдеріне арналған «Робототехника элективті курсында виртуалды конструкторды қолдану ерекшеліктері» атты аймақтық оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты - пән мұғалімдеріне интернет желісі арқылы Робототехника элективті курсы бойынша виртуалды конструктормен  жұмыс жасауда әдістемелік қолдау көрсету.

Шара барысында «LEGO Digital Designer», Virtual Robotics Toolkit, «Виртуалды Arduino» конструкторы тақырыбында тәжірибелік алаң жүргізіліп,  «Роботтар әлемі»  көрмесі қойылды. Семинарға 30 педагог қатысты.


 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші