Облыстық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының қорытындысы
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №17 ОМ базасында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты облыстық педагогикалық олимпиада өтті. Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Қазылар алқасының шешімі бойынша олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
І дәрежелі диплом – Ж. Жумажанова Кербұлақ ауданы Ш.Уалиханов ат. ОМ;
ІІ дәрежелі диплом – Ж. Қадекұлы Жамбыл ауданы Еңбекшіарал ОМ;
ІІ дәрежелі диплом – А.Серубай Қаратал ауданы Р.Қошқарбаев ат. ОМ;
ІІ дәрежелі диплом – Қ. Халық Қарасай ауданы Үшқоңыр ҚОМ;
ІІІ дәрежелі диплом – С. Сейткаримова Көксу ауданы Н.Алдабергенов ат.ОМ;
ІІІ дәрежелі диплом – Б. Берикханов Талдықорған №21 ОМ;
ІІІ дәрежелі диплом – Қ. Қуанышбаев Ескелді ауданы Мелькомбинат НОМ;
Облыстық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының (І, ІІ, ІІІ орын) жеңімпаздары ағымдағы жылдың 3-5 мамырында Семей қаласында өтетін республикалық кезеңіне қатысады.