Облыстық үздік сабақтар фестивалі
A - Размер шрифта A +

Облыстық үздік сабақтар фестивалі

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарына арналған «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» облыстық  үздік сабақтар фестивалі  өтті.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын талантты педагогтарға қолдау көрсету және кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында өткен шарада қатысушылар  күн тәртібі бойынша бағдарламаға сәйкес оқу қызметінің бейнежазбасын  8-10 минут қорғады.

Фестивальге ұсынылған жұмыстарды І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің және Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымының мамандары бағалады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша:

І орын – А.Ақылбекова, Кербұлақ ауданы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;

ІІ орын – Л.Адилбекова, Талдықорған қаласы, №3 «Балбөбек»  сәбилер балабақшасының бейнелеу  өнері мұғалімі;

ІІ орын – М.Мамырбекова, Текелі қаласы, №2 балабақшасының тәрбиешісі;

ІІІ орын – Р.Жапсарбаева Қаратал ауданы №25 балабақшасының тәрбиешісі; ІІІ орын – Б.Сеилжанова, Алакөл ауданы, «Нұрлытаң» балабақшасының тәрбиешісі иеленді. Фестивальге 17 педагог қатысты. 


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші