«WorldSkills Almaty2018» Аймақаралық кәсіби шеберлік чемпионаты
Алматы облысының 26 техникалық және кәсіптік білім алушысы Алматы қаласында 2018 жылдың 26-27 сәуір аралығында 12 мамандық бойынша «WorldSkills Almaty2018» аралық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысты. Алматы қаласы колледждерінің базасында өткен кәсіби шеберлік чемпионатында екі аймақтан 37 білімгер сайысты.
Аймақаралық чемпионат қорытындысы бойынша:
І орын - Қантөре Сандуғаш Алматы экономикалық колледжі «Кондитер» құзіреттілігі бойынша; ІІ орын - Құлжабеков Самат Талдықорған агротехникалық колледжі, «Веб-дизайн»; Турсинбекова Асия, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі «Шаштараз өнері»; Жанабек Заңғар Алматы экономикалық колледжі «Желілік және жүйелік әкімшілік ету», Рахимов Мамуржон Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі «Құрғаққұрылыс және сылақшылық жұмыстар», Мамедов Фархат Есік кәсіптік-техникалық колледжі «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттіліліктері бойынша; ІІІ орын – Порубова Виктория Талдықорған сервис және технология колледжі «Шаштараз өнері»; Ержанов Ерик Талдықорған политехникалық колледжі «Веб-дизайн», Байниет Сымбат Алматы экономикалық колледжі «Графикалық дизайн»; Шабанова Татьяна Алматы экономикалық колледжі «Кондитер», Клеменко Григорий Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі, Маулен Нұржан Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі «Аспаз ісі»; Түркебай Нұрым Талғар политехникалық колледжі «Дәнекерлеу технологиялары», Ақан Айгерім Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі «Киім үлгісін модельдеу мен дизайны», Шахалов Ислам С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі «Электромонтаждық жұмыстар»; Панченко Павел Көксу ауылшаруашылық колледжі «Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттіліліктері бойынша жеңімпаздар атанды.
Аймақаралық чемпионат жеңімпаздары Алматы облысының намысын маусым айында Астана қаласында өтетін ұлттық чемпионатта қорғайды.