Облыстық «Алаш арысы» байқауы
Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес Талдықорған қаласы №17 орта мектеп базасында «Алаш арысы» байқауы өтті. Іс-шараға аудандық (қалалық) кезеңнің 18 жеңімпазы қатысты. Байқаудың мақсаты - педагогтардың өзара тәжірибе алмасуына және озық тәжірибелерін таратуына ықпал ету, шығармашыл педагогтарды анықтау. Байқаудың қорытындысы бойынша:
І орын – Қаратал ауданы Г.Идрышева;
ІІ орын - Көксу ауданы Д.Даирбекова мен Жамбыл ауданынан Л.Хамыткожаева;
ІІІ орын – Панфилов ауданы О.Жумаханов, Іле ауданы А.Абдулин, Еңбекшіқазақ ауданынан А.Отарбаевалар иеленді.
Номинация бойынша: «Креативті ұстаз» Д.Байдильдинов (Ақсу ауданы), «Ұшқыр ойлы тарихшы» номинациясын Д.Жанашев (Қарасай ауданы), «Тағылымды тарихшы» номинациясын С.Джумановлар (Ескелді ауданы) иеленді.