Үш тілде білім беру әдістемесі мен әдістері
Облыстық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес «Үш тілде білім беруді дамытудың 2017 – 2019 жылдарға арналған Кешенді жоспарын» іске асыру мақсатында 2018 жылдың 17 мамырында Жамбыл ауданы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы № 2 арнаулы гимназиясы базасында «Үш тілде білім беру әдістемесі мен әдістері»тақырыбында аймақтық семинар-практикум өтті.
Семинар мақсаты Үш тілде білім беруді жүзеге асыруда пән мұғалімдеріне әдістемелік бағытта көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету.
Семинар – практикумға Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл, аудандарынан 57 ағылшын тілі, физика, информатика, химия, биология пәні мұғалімдері қатысты.