Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адами капитал
2018 жылдың 24 тамызында Талдықорған қаласындағы пилоттық Ш.Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия базасында «Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адами капитал» республикалық тамыз кеңесінің 3 сыныпқа сабақта беретін және НЗМ тірек мектептерінің мұғалімдеріне арналған секция жұмыстары өтті. Семинарға 729 педагог қатысты.
Секция жұмысында 3 сынып оқу бағдарламаларының мазмұны бойынша мәселелер талқыланды.