Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адами капитал
A - Размер шрифта A +

Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адами капитал

2018 жылдың 27 тамызында Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында биылғы республикалық «Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адами капитал» Тамыз кеңесі аясында және Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында секция жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.

Бұл аталған іс-шараға облысымыздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тірек мектептері мен жалпы орта білім беру ұйымдарының 6,8 сыныпта сабақ беретін 834 пән мұғалімдері қатысты.

Секция жұмыстары барысында өткізілген шеберлік-сыныптар мен семинар-тренингтерде облыс педагогтары білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттілігінен туындаған бірқатар көкейкесті өзекті мәселелерге жауап алды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші