Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адами капитал
A - Размер шрифта A +

Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адами капитал

Облыстық әдістемелік кабинеті 2018 жылдың 13-15 тамыз аралығында «Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адами капитал» тақырыбында облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің оқыту панорамаларын өткізді.

13 тамызда Талдықорған қаласы №14 орта мектеп - гимназиясы   базасында «Заманның жаңа талабымен бетпе-бет: табысты менеджерлер мектебі» оқыту панорамасына  аудандық, қалалық  білім  бөлімі  басшылары, мамандары, аудандық, қалалық  әдістемелік кабинеттердің аға әдіскерлері, облыстық директорлар Кеңесі мүшелері, облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдары басшылары, мектеп басшылары, орынбасарлары, балалар үйі, мектеп-интернат директорлары, жекеменшік мектеп директорлары, мектеп үйлестірушілері, дене тәрбиесі, АӘД пәні мұғалімдерінің қатысуымен 13 алаң жұмыс жасаса, Оқушылар сарайында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің ақпараттандыруға жауапты мамандар, информатика пәнінің мұғалімдері, IT мамандар, жас техниктер станциясының директорлары,  қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары, мектептердегі техникалық үйірме жетекшілері мен робототехника пәні мұғалімдеріне арналған 2 алаң жұмысы ұйымдастырылды.

14 тамызда филология, қоғамдық пәндер, қазақ, орыс, ұйғыр тілі мен әдебиеті пәндері, ағылшын тілі,  жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін пилоттық мектептердің пән мұғалімдері, география, математика, өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің қатысуымен 13 алаң жұмысы ұйымдастырылса,Қапшағай қаласының Балалар шығармашылық орталығында көркем-эстетикалық бағыт бойынша қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, педагогтары және жалпы орта білім беретін мектептердің үйірме жетекшілеріне арналған 1 алаң жұмыс жасады.

15 тамыздажаңа жүйе бағдарламасы бойынша сертификатталған педагогтар, мектеп тренерлері, НЗМ тірек және жетекші мектептері, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру, арнайы және инклюзивті білім беру, психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарына арналған  оқыту панорамаларында 14 алаң жұмыс ұйымдастырылды. Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдер туристік және өлкетану орталығында  қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, туризм үйірме жетекшілері қызметіне қатысты оқыту панорамасында 1 алаң жұмыс жүргізді.

Панорама барысында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғалымдары, «ӨРЛЕУ» Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілік арттыру ҰО АҚ және «НЗМ» ДББҰ ПШО филиалдарының мамандары, Талдықорған қаласындағы НЗМ педагогтары, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары  мұғалімдері мен тілдік курстар бойынша С2,С1,В2 тілдік деңгейді меңгерген пән мұғалімдері  шебер - класс, іскерлік ойындар, ТЕД панель, дискуссиялық алаң, тренингтер жүргізіп, коучингтер өткізді. Іс-шара аясында жаңа оқулықтар мазмұны бойынша  «Атамұра», «Алматыкітап», «Астана кітап» баспаларының оқулық авторларымен кездесу ұйымдастырылып, педагогтарға әдістемелік кеңес берілді.

Сонымен қатар, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану пәндерінің ағылшын тілінде жүргізілу мәселелері қарастырылып, жаңа технология элементтерін қолдану  арқылы білім сапасын жетілдіру жолдарына  талдаулар жасалды. Оқыту панорамасына барлығы 44 алаң жұмысына, 1620 педагог қамтылды.

22 тамызда Талдықорған қаласы, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі базасында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» оқыту панорамасына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары, колледж директорларының оқу-ісі жөнiндегi орынбасарлары, колледж директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөнiндегi орынбасарлары, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары, әскери-патриоттық клуб жетекшілеріне арналған 10 алаң жұмысы жүргізіледі.


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші