Қазақстандағы Турин процесі
A - Размер шрифта A +

Қазақстандағы Турин процесі

 2018 жылы  17-19 қыркүйек аралығында  «Кәсіпқор» Холдингі  коммерциялық емес акционерлік қоғамы Талдықорған политехникалық колледжінің базасында  «Алматы облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне талдау жасау және оның күшті жақтары мен  проблемалық зоналарын анықтау» мақсатында  «Қазақстандағы Турин процесі» зерттеу жұмысын жүргізді.

Іс-шараға білім  басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, жұмыспен қамту орталығының, «Өрлеу» БАҰО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру  институтының, «Нұр Отан» партиясының филиалы, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, колледж директорлары, орынбасарлар, әлеуметтік педагогтар, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері және жұмысберушілер жұмылдырылды.

3 күнге созылған зерттеу жұмысына 136 инженер-педагог қатысып, 33-і арнайы сертификаттарды иеленді.

Семинардың  жалпы қорытындысы облыстық әдістемелік кабинеті ұйымдастырған тәжірибе алмасу семинарымен аяқталды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші