Жылдың үздік мұғалімі
A - Размер шрифта A +

Жылдың үздік мұғалімі

     Алматы облысы әкімінің қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жылдың үздік мұғалімі» байқауы 2018 жылдың 20-21 қыркүйек күндері Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясы базасында өтті.  Байқауға аудандық, қалалық, облыстық білім беру мекемелері кезеңнің жеңімпаздары 25 мұғалім қатысты.Байқау нәтижесінде І орынды Жамбыл ауданы Ә.Бейсеуов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Маханова Алма Қаныбекқызы иеленді. ІІ орынды Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын  М.Арын атындағы №24 «Бизнес және экономика» арнаулы лицейдің география пәні мұғалімі Еркінбекова АйгерімСламбековна мен Талдықорған қаласы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Каранеева Айнұр Жұмақажықызы алды. Жүлделі ІІІ орынды Текелі қаласы №4 орта мектебі биология пәні мұғалімі Тустикбаева Галия Адилхановна, Ақсу ауданы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыздықбаев Әділжан Махмутжанұлы, Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Анисимова Маргарита Георгиевна бөлісті. «Ізденуші мұғалім» номинациясы бойынша Қаратал ауданы Ж.Молдағалиев  атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Дандыбаев Ерлан Жолдыбаевич,  «Ізденуші мұғалім»  номинациясы бойынша Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Кушагенова Жанна Кайратовна, «Зерттеуші мұғалім» номинациясы бойынша Ұйғыр ауданы №1 орта мектептің физика пәні мұғалімі Исмаилова Гульсанам Мирзалимовна, «Құзыретті мұғалім» номинациясы бойынша Алакөл ауданы Жыланды орта мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Қалибай Әділғазы, «Креативті мұғалім» номинациясы бойынша облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Олефир Ольга Иозасовна марапатталды.


 

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші