Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе
A - Размер шрифта A +

Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе

    2018 жылдың 21 қыркүйегінде облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Сарқан ауданы Қарауылтөбе орта мектебі базасында жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде оқыту практикасына заманауи тәсілдерді енгізу мен сабақ үрдісінде саралау, бағалау, кері байланысты тиімді жүзеге асыруда пән (қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиет, математика, физика, химия, биология,  тарих, география) мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Әдістемелік семинар пәндер бойынша 4 алаңда өтіп, бағдарлама аясында жұмыс жасап жүрген пән мұғалімдері өз тәжірибелерін ортаға салды. Облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері тарапынан «Жаңаша үрдіс – жаңа талап» тақырыбында жаңартылған бағдарлама бойынша негізгі пәндерді оқытудағы критериалды бағалау мәселелері, оларды айқындау және шешу жолдарын бірлесіп табу өзекті алаңында өткізілген дөңгелек үстелде аудан мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасып, құнды  ақпараттар алуына және тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға  әдістемелік көмек берілді. Аталған іс-шараға 104 педагог қамтылды.

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші