Тарихқа толы сырлы өлке
A - Размер шрифта A +

Тарихқа толы сырлы өлке

      Облыстық әдістемелік кабинеті «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Кеген ауданы, А.Түркебаев атындағы орта мектебі базасында А.Түркебаев атындағы ОМ тарих пәнінің мұғалімі Оспанбаева Назгүл Тәшібайқызының тәжірибесін таратуда  «Тарихқа толы сырлы өлке» атты педагогикалық проспект өтті. «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында панельдік сессия барысында «Туған жер» бағдарламасының түйінді идеясы неде? «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының өзектілігі, биылғы оқу жылында «Туған жер» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Өлкетану» курсын кіріктіре оқытудың іске асырылуы сұрақтары талқыланды. «Керемет көремін десең, Көлсайға кел» тақырыбында «Көлсай көлі - Қарабұлақ таңбалы тасы» бағытында маршрут ұйымдастырылды. Семинар жұмысына жалпы білім беретін мектептерден 45 география және тарих пәндері мұғалімдері мен  әдіскерлер қатысты.

 

 

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші