Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе
A - Размер шрифта A +

Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе

     2018 жылдың 28 қыркүйегінде облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Ақсу ауданы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп-гимназиясы базасында жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде оқыту практикасына заманауи тәсілдерді енгізу мен сабақ үрдісінде критериалды бағалау жүйесін тиімді жүзеге асыруда пән (бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиет, математика, физика, химия, биология, география,  тарих, информатика) мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында әдістемелік десант өтті. Аталған іс-шара бастауыш сынып және 5-8 сыныптардағы негізгі пәндер бойынша жаңа бағдарлама аясында жұмыс жасап жүрген пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысудан басталып, әр сабақ соңында облыстық әдістемелік кабинеті әдіскерлері тарапынан пән мұғалімімен кері байланыс жұмыстары жүргізілді. ПШО жаңартылған білім беру аясында облыс тренерлері физика, математика және ағылшын тілі пәндерінен үлгілі сабақтар көрсету арқылы өз тәжірибелерін ортаға салды. Облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері тарапынан «Жаңаша үрдіс – жаңа талап» тақырыбында жаңартылған бағдарлама бойынша өзекті  мәселелер және олардың шешу жолдарын бірлесіп айқындауда өткізілген дөңгелек үстелде аудан мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасып, құнды  ақпараттар мен тәжірибедегі проблемаларды бірлесіп шешу жолдарын табуға  әдістемелік көмек берілді. Аталған іс-шараға 92 педагог қамтылды.


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші