Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2018
A - Размер шрифта A +

Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2018

       Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Білім беру ұйымдары мен ұстаздардың арасында облыстық конкурстар өткізу туралы» №92 қаулысына және Алматы облысы білім басқармасының 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес инновациялық білім беру қызметінің үздік тәжірибесін қолдау және тарату мақсатында 28 қыркүйек күні Талдықорған агро-техникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы» атты  облыстық байқау ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға қатысқан 10 оқу орны екі кезең бойынша сайысқа түсіп, өзіндік  презентациялары мен оқу-тәрбие үдерісінің моделін қорғады. Қазылар алқасының шешімі негізінде бас жүлдені Талдықорған политехникалық  колледжі, екінші орынды Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі, үшінші орынды Бақанас аграрлы-индустриалдық  колледжі,  «Инновация шеберханасы» номинациясын Қапшағай көпсалалы колледжі, «Жетістік жолында» номинациясын Шелек политехникалық колледжі, «Жаңашыл колледж» номинациясын Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі иеленді. Сондай-ақ, байқауға қатысқан оқу орындарының  жұмыстарын  ынталандыру мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжін, Білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық кеңесі  Алакөл гуманитарлық-техникалық, Қапал  кәсіптік-техникалық колледждерін, облыстық әдістемелік кабинеті Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжін арнайы грамоталарымен марапаттады.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші