Модульдік оқыту жағдайында арнайы пәндер мен өндірістік оқытудың байланысы
A - Размер шрифта A +

Модульдік оқыту жағдайында арнайы пәндер мен өндірістік оқытудың байланысы

Облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2018 жыл 01 қазанда «Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің базасында арнайы пәндер мен өндірістік оқытудың байланысын  әдістемелік  тұрғыда  сүйемелдеу мақсатында «Модульдік оқыту жағдайында арнайы пәндер  мен өндірістік оқытудың байланысы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңес жұмысы барысында өндірістік оқытуда модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде білім беру бағдарламаларын іске асыруды жетілдірудің  өзекті мәселелері талқыланып,  инженер-педагогтар іс-тәжірибе алмасты. Аталмыш іс-шараға Талдықорған аймағының  17 колледждінен 60 инженер-педагог қатысты. 


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші