Мониторинг-стратегиялық жоспарлау негізі
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Кербұлақ ауданы Күреңбел қазақ орта мектебінің базасында «Мониторинг- стратегиялық жоспарлау негізі» тақырыбында жалпы орта білім беру ұйымдары директоры лауазымы қызметіне резервтерге арналған семинар-практикум өтті. Семинардың мақсаты мектепішілік бақылау қызметін ұйымдастыру, мониторинг жүргізу және оны тиімді жоспарлауды іске асыруда бағыт-бағдар беру. Семинарға 17 мектеп басшысы, 30 директорлыққа резервтегі педагогтар қатыстырылды.