Педагогикалық идеялар фестивалі
A - Размер шрифта A +

Педагогикалық идеялар фестивалі

Педагог мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында 2018 жылың 10 қазанында облыстық әдістемелік кабинеті Талдықорған қаласындағы №17 орта мектеп базасында облыстық "Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауын өткізді. Байқауға 22 педагог қатысты. Әділқазылар алқасы шешімі негізінде: 1 орын – Хызайхан Мұратбек, Текелі қаласы №5 орта мектебінің физика пәні мұғалімі ІІ орын – А.Омарханова Алакөл ауданы №1 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі және Н.Озенбаев Талдықорған қаласы, дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейінің математика пәні мүғалімі. ІІІ орын - Г.Орынбаева Көксу Жалайыри атындағы ОМГ ағылшын тілі пәні мұғалімі, Е.Филимонова  Талдықорған қаласы №12 ОМГ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және Н. Голущенко Ескелді ауданы, Алдабергенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Номинациялар иегерлері: «Шебер ұстаз» - О.Ким Қаратал ауданы С.И. Морозов атындағы №51 ОМГ орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің  мұғалімі, «Зерттеуші ұстаз» -  Нұргүл Смет,  Қарасай ауданы Қырғауылды ауылындығы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі, «Тәлімгер ұстаз» - Г.Коктеубаева Кеген ауданы  М.Орманов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, «Ізденімпаз мұғалім» - А.Мусилимова Қербұлақ ауданы Сарыбұлақ орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, «Креативті ұстаз» - Г.Чалимбетова  Жамбыл ауданы, Мынбаев ауылындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Шығармашыл ұстаз» - М.Арзиев Панфилов ауданы А.Розыбакиев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі. Жүлделі орынға иеболған педагогтар республикалық байқауға жолдама алды.


                                                         

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші