Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе
A - Размер шрифта A +

Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе

2018 жылдың 11 қазанда облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы      №10  орта мектеп-гимназиясы базасында оқу үрдісінде оқытудың жаңа стратегиялары мен бағалаудың жаңа жүйесін қолдануда әдістемелік сүйемелдеу мақсатында педагогтарға (бастауыш сынып, математика, физика, химия, география) арналған «Жаңартылған бағдарлама: тәжірибе мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында ашық есік күн өтті. Ашық есік күнде Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ ПШО филиалы жаңартылған білім беру бойынша облыс тренерлері (математика пәнінен ,) алдымен үлгілі сабақтар көрсетіп, соңында өз сабақтарына рефлексия жасады және қысқа мерзімді жоспардың толыққанды жүзеге асыру жолдары бағытында өз тәжірибелерін ортаға салды. Облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері тарапынан «Жаңартылған бағдарлама: тәжірибе мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында жаңартылған бағдарлама бойынша сабақты жоспарлау, сабақ барысында оқытудың жаңа стратегиялары мен инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, оқу үрдісіндегі қалыптастырушы бағалау мен саралау жұмыстарын тиімді жүргізу жолдары талқыланып,  дөңгелек үстелде аудан мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасып, құнды  ақпараттар мен тәжірибедегі проблемаларды бірлесіп шешу жолдарын табуға  Ақсу, Сарқан, Кербұлақ аудандары  педагогтарына әдістемелік көмек берілді. Аталған іс-шараға 30 педагог  қамтылды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші