A - Размер шрифта A +

Модульдік оқыту жағдайында арнайы пәндермен өндірістік оқытудың байланысы

Облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2018 жыл 16 қазанда «Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледж» базасында арнайы пәндер мен өндірістік оқытудың байланысын  әдістемелік  тұрғыда сүйемелдеу мақсатында «Модульдік оқыту жағдайында арнайы пәндермен өндірістік оқытудың байланысы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңес жұмысы барысында өндірістік оқытудың білім беру бағдарламаларын модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде іске асыруды жетілдірудің  өзекті мәселелері талқыланып,  инженер-педагогтар іс-тәжірибе алмасты. Іс-шараға Алматы аймағындағы  16 колледжден 50 инженер-педагог қатысты. 


 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка