A - Размер шрифта A +

Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе

2018 жылдың 19 қазанда облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Алакөл ауданы Үшарал қазақ гимназиясы базасында жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде оқыту практикасына заманауи тәсілдерді енгізу мен сабақ үрдісінде критериалды бағалау жүйесін тиімді жүзеге асыруда пән (математика, физика, химия, биология, географиятарих, ағылшынтілімұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Жаңартылғанбілімберумазмұны: ізденісжәнетәжірибе» тақырыбында әдістемелік десант өтті. Аталған іс-шара жаңа бағдарлама аясында 5-8 сыныптарда негізгі пәндер бойынша жұмыс жасап жүрген пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысудан басталып, сабақ соңында облыстық әдістемелік кабинеті әдіскерлері тарапынан пән мұғалімімен кері байланыс жұмыстары жүргізілді.  Білім беру мазмұнын жаңарту аясында физика, математика және ағылшын тілі пәндері бойынша облыс тренерлері сабақтар өткізді, өз сабақ сабақтарына рефлексия жасап, тәжірибелерін ортаға салды. Облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері тарапынан «Жаңаша үрдіс – жаңа талап» тақырыбында жаңартылған бағдарлама бойынша өзекті  мәселелер және олардың шешу жолдарын бірлесіп айқындауда өткізілген дөңгелек үстелде аудан мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасып, құнды  ақпараттар мен тәжірибедегі проблемаларды бірлесіп шешу жолдарын табуға  әдістемелік көмек берілді. Аталған іс-шараға 50 педагог қамтылды.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка