A - Размер шрифта A +

Ресурстық орталық - білім сапасын арттырудың негізі

2018 жылғы 19 қазанда облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Балқаш ауданы Ақкөл орта мектебі базасында ресурстық орталықтардағы оқу-тәрбие жүйесі қызметін  жандандыру мен білім сапасын арттыру  жолдарын талқылау, іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Ресурстық орталық - білім сапасын арттырудың негізі» облыстық семинары өтті. Іс-шара барысында ресурстық орталық және магниттік мектептер мұғалімдері ашық сабақтар көрсетіп, таныстырылым алаңы, шығармашылық шеберхана, идеялар панорамасында атқарып жатқан жұмыстарын ортаға салды. Семинарға  ресурстық орталықтар мен шағын жинақты мектептерден 52 педагог қатысты.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка