A - Размер шрифта A +

Сакралды Қазақстан: Жетісудың киелі жерлері

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысының білім басқармасы ММ әдістемелік кабинеті 2018 жылдың 25-26 қазанында Еңбекшіқазақ ауданы Рахат 1 орта мектебі базасында «Сакралды Қазақстан: Жетісудың киелі жерлері» республикалық форум ұйымдастырды. Форум жұмысына Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» өңірлік жоба кеңсесі, жоғары оқу орындары, тарихи-өлкетану мұражайы,  дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының  қызметкерлері мен республиканың әр өңірінен жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Сонымен қатар, форумның пленарлық мәжілісінде  қатысушылар «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасын жүзеге асыруда тәжірибелерімен бөлісті. Семинар секция жұмыстарымен жалғасып, Қазақстанның киелі жерлерінің  ұлттық бірегейлігі жайлы сапалы білімді дарыту; «Қазақстанның киелі жерлерінің геогра­фиясы» жобасын жүйелі ұлттық ақпараттық сүйемелдеу; Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени - географиялық белдеуін жүзеге асыру жобасы аясында мәдени туризмді дамыту  бағыттарында жүргізілді. Өткізілген іс-шараға 150-дан астам адам қамтылды. Форумның екінші күні  қатысушылармен «Киелі жерлер» жобасы аясында «Алтын адам - Түрген шатқалы»  маршруттар ұйымдастырылды: «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық - музейі, Ақши ауылындағы «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі, Есік көлі, Түрген шатқалы – сарқырамасы.  

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка