A - Размер шрифта A +

ЖМЦ пәндерінде терминдер мен шамаларды ағылшын тілінде оқытудағы амалдар

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Ш.Смағұлов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты базасында ЖМЦ сабақтарында ғылыми терминдер мен физикалық шамаларды ағылшын тілінде оқытуда тиімді әдістерді ұсыну мақсатында  «ЖМЦ пәндерінде терминдер мен шамаларды ағылшын тілінде оқытудағы амалдар» атты  тәжірибе тарату семинары өтті. Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін пилоттық мектептердің физика, химия және биология пәні мұғалімдері үлгілі сабақтар көрсетті. Семинар соңында А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ –ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының CLIL әдістемесі бойынша биология пәнінен ағылшын тілінде оқыту курсынын тренері Пернебаев Серғазы шебер-класс өткізді. Аталған іс-шараға жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің  66 пән мұғалімдері  қатысты.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка